«Ливерпуль» мен Лондондық «Челси» арасындағы кездесу тең нәтижемен аяқталды
21.01.2015, 18:08
Жарнама
Жарнама
«Ливерпуль» мен «Челси» футболшылары, Лига Кубогы аясындағы жартылай финал ойынында екеуара «кім мықтыны» анықтай алмады. Ойынның 18-минутында Эден Азар 11 метрлік айып добын сәтті орындап, Лондондықтарды есепте алға шығарды. Мерсисайдтықтар Рахым Стерлингтің көмегімен матчтың 59-минутында есепті теңестірді. Рахым алаң ортасында допқа ие болып, жылдамдығының арқасында қарсыластырынан ұзап барып, қақпаның алыс бұрышын дөп көздеді. Бұл есеп ойын соңына дейін сақталды. Бұл екі команда арасындағы келесі ойын 27 қаңтар күні Лондонда болады. Келесі жартылай финал жұбында «Шеффилд Юнайтед» және «Тоттенхэм»бақ сынасатын болады.
Ливерпуль (Ливерпуль) – Челси (Лондон) – 1:1Голдар: Азар, 18 (0:1, пен); Стерлинг, 59 (1:1).
Ескертулер: Джеррард, 39; Лейва, 44 – Луис, 45; Микел, 74.