Жарнама
Жарнама

«Ливерпуль» қос бірдей рекордты жаңартты

02.12.2021, 14:54
Мерсисайдтық клуб кешегі дербиде «Эвертонды» 4:1 есебімен жеңді.
Жарнама
Жарнама

«Ливерпуль» Англия Премьер-лигасының 14-ші турында «Эвертонды» (4:1) жеңіп, қатарынан 18 ойында кемінде екі голдан соққан турнирдегі алғашқы команда атанды.

Бұған дейінгі рекорд 1927 жылы 17 ойын бойы кемінде екі голдан соғып келген «Сандерлендке» тиесілі еді

«Ливерпульдің» бұл сериясы 12 қыркүйекте «Лидсті» 3:0 есебімен жеңген кезде басталды. Содан бері Юрген Клопп шәкірттері қарсыластар қақпасын 57 мәрте дәл көздеді.

Сондай-ақ «Ливерпуль» сырта алаңда 14 ойын бойы кемінде екі голдан соғып, 1888/89 жылғы маусымдағы «Престонның» рекордын жаңартты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров