«Ливерпуль» трансферлік терезенің соңғы күндерінде «Реалдың» жартылай қорғаушысы Федерико Вальверденің трансфері үшін рекордтық сома ұсынды, деп хабарлайды Diario AS.
Дереккөздің келтірген ақпаратына сәйкес, мерсисайдтықтар трансферлік терезенің жабылуына екі күн қалғанда уругвайлық футболшының трансфері үшін шамамен 100 миллион еуро төлеуге дайын болған, алайда мадридтік клуб ойыншыны жіберуден бас тартқан. Осыдан кейін «Ливерпуль» «Ювентустан» бразилиялық Артурды бір маусымға жалға алды.
Айта кетейік, «Ливерпуль» Вирджил ван Дейкті «Саутгемптоннан» 84,65 миллион еуроға сатып алып, клуб тарихындағы ең қымбат трансферді жасаған еді.
Вальверде «Реал Мадридте» 2016 жылдан бері ойнап келеді. Transfermarkt порталы ойыншыны 70 миллион еуроға бағалап отыр.
Біздің серіктес: FONBET