Ливерпуль Салахтың ізбасарын таңдап қойды

Осы маусымнан кейін "Ливерпуль" ФК атақты шабуылшысы Мохаммед Салахпен қош айтысады. Египеттік сұрмерген мерсисайдтықтармен жаңа келісім-шартқа қол қоюдан бас тартқан. Бірақ, "Ливерпуль" Салахтың орнын басатын ойыншыны қазірден қарастырып, бір кандидат тапқан сыңайлы.

Еуропада кеңінен танылған неміс таблойды bild.de газетінің инсайд ақпараты бойынша Тұманды альбионның өкілдері бүгінде “Боруссия” Дортмундтың вингеры Карим Адейемиге көз тігіп отырған көрінеді. “Ливерпуль” басшылары әлі келіссөз жүргізуді бастамаған. Бірақ, ағылшындық скауттар осымен бірнеше мәрте Бундеслига ойындарына келіп, оның өнерін бақылап кеткен. 22-жасар неміс футболшысы қазіргі таңда “Боруссияның” ең үздік ойыншыларының бірі. Нәтижелі пас пен гол соғу көрсеткіші бойынша да өз командасында көшбасшылардың қатарында. Келер жылы “қызылдар” Адейемиге құда түсіп, Дортмунд басшылығына бастапқыда 50 миллион евро ұсынбақ. Бірақ, Карим бұл бағадан әлде қайда жоғары тұрады депті неміс таблойды. 

Материалда: