«Ливерпуль» шабуылшысы Диогу Жота жарақатына байланысты екі ай бойы алаңға шыға алмауы мүмкін.
Record басылымының хабарлауынша, 24 жасар португалиялық футболшы Чемпиондар лигасының соңғы турында «Мидтьюлландпен» болған матчта (1:1) тізесінен ауыр жарақат алған көрінеді. Бастапқыда Жота «Ливерпульдің» алдағы бір-екі кездесуіне ғана қатыспайды деген пікір болды.
Ағылшын Премьер-лигасының ағымдағы маусымында Жота тоғыз матч өткізіп, онда төрт голмен ерекшеленді. Одан бөлек, Чемпиондар лигасындағы алты ойында төрт гол соқты.
Англия Премьер-лигасының 12-турының «Фулхэм» - «Ливерпуль» матчы жексенбі, 13 желтоқсанға жоспарланған. Басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен 22:30-да.
«Ливерпульдің» 24 ұпайы бар және ол қосымша көрсеткіштер бойынша ғана «Тоттенхэмнен» кейін, яғни турнир кестесінде екінші орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET