Жарнама
Жарнама

«Ливерпуль» шабуылшысы жазда командадан кетеді

21.03.2022, 01:43
Футболшы мерсисайдтық клубтың негізгі құрамына іліге алмауда.
Жарнама
Жарнама

«Ливерпульдің» шабуылшысы Дивок Ориги клубтан кету туралы шешім қабылдады. Жазда ол командасын ауыстырады деп күтілуде, деп хабарлайды The Telegraph.

26 жастағы бельгиялық футболшы маусым соңында «Ливерпульден» еркін агент ретінде кетуге дайын, ал мерсисайдтықтардың шабуылшымен келісім-шартты ұзарту мүмкіндігі бар.

Бұл ретте «Милан» мен «Аталанта» футболшыға қызығушылық танытып отыр. Ал Ориги жаңа командасынан жылдық жалақысы 3,5-4 миллион еуроны құрайтын келісім-шарт талап етуде.

Ағымдағы маусымда Ориги «Ливерпуль» жейдесінде 14 матчқа қатысып, 5 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров