Ағылшын футболындағы трансферлік нарық тағы да дүр сілкінді. "Ливерпуль" "Ньюкаслдың" жұлдызды шабуылшысы Александр Исакпен келісімге келіп, Британия тарихындағы ең қымбат трансферді жүзеге асырмақ.
Sky Sports дерегінше, “Қызылдар” Швед шабуылшысы үшін 125 миллион фунт стерлинг төлейді. Бұл сома 2023 жылы "Челсидің" Мойсес Кайседоға берген £115 миллиондық трансферінен асып түсті.
Исак алты жылдық келісімшартқа қол қоймақ және медициналық тексерістен дүйсенбі күні өтеді.
Тамыз айының басында "Ливерпуль” 110 миллион фунт + бонус ұсынғанымен, "Ньюкасл" басшылығы бас тартқан еді. Олар Исакты кем дегенде £150 миллионға ғана сатуға дайын екенін мәлімдеген.
Алайда соңғы апталарда жағдай өзгерді. Исак жаттығудан да, матчтарға шығудан да бас тартып, "Энфилдке" ауысуды талап етті. Бұл қадам келісімге жол ашты.
"Ньюкасл” Исактың орнын басатын шабуылшыны алдын ала қанымдады. Олар "Штутгарттан" Ник Вольтематені клуб тарихындағы рекордты £69 миллионға сатып алған.
Александр Исак Еуропадағы ең қауіпті шабуылшылардың бірі. Оның жылдамдығы, техникасы және соңғы соққыдағы дәлдігі "Ливерпульдің” шабуылын жаңа деңгейге шығарады деп күтілуде.
Біздің серіктес: FONBET