"РБ Лейпциг" сұрмергені Тимо Вернер "Ливерпуль" сапына ауысуға жақын, деп хабарлайды La Gazzetta dello Sport газетінің журналисі Николо Скира.
Оның мәліметінше, ағылшын клубы Тимоға 2024-2025 жылғы маусымға дейін жылына 8 млн. еуро жалақы төлеуге дайын. Сонымен қоса, екі клуб трансфер төңірегінде келіссөз жүргізіп жатыр. Егер сәуірге дейін бұл трансфер шешілсе, "Ливерпуль" футболшы үшін келісім-шартта көрсетілген 58 млн еуроны төлейді. Ал сәуірге дейін шешілмесе, Вернердің құны көтерілмек.
Айта кетейік, Тимо Вернер биылғы маусымда Бундеслигада 23 ойын өткізіп, 21 доп тоғытқан, 7 нәтижелі пас берген.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET