Жарнама
Жарнама

«Ливерпуль» уругвайлық шабуылшыны қатарға қоспақ

12.06.2022, 00:44
«Ливерпуль» трансфер үшін «Бенфикаға» 100 миллион еуро төлейді.
Жарнама
Жарнама

«Ливерпуль» жақын күндері «Бенфика» шабуылшысы Дарвин Нуньеспен келісім-шартқа отырады, деп хабарлайды белгілі инсайдер Фабрицио Романо.

Дереккөздің мәліметіне сенсек, бүгін Португалияда қос команда өкілдерінің арасында кездесу өткен. Нәтижесінде «Ливерпуль» «Бенфикаға» уругвайлық шабуылшы үшін 80 + 20 миллион еуро төлеуге міндеттелді. Нуньес мерсисайдтық клубпен бес жылдық келісім-шартқа отырады.

Қазір Уругвай құрамасымен бірге жүрген Дарвин жақын күндері «Ливерпульдің» жаңа ойыншысы ретінде таныстырылады.

2021/22 жылғы маусымда Нуньес «Бенфика» үшін 41 матчта 34 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді. Уругвайлық футболшы Чемпиондар лигасының ширек финалында «Ливерпуль» қақпасынан екі рет саңылау тапқан болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров