"Брайтонның" жартылай қорғаушысы Ив Биссума "Ливерпульдің" назарына ілікті.
ESPN-нің хабарлауынша, мерсисайдтық клуб 24 жастағы футболшының ойындарын мұқият бақылап жүр екен. "Қызылдардың" бас бапкері Юрген Клопп оны жартылай қорғаушы Джорджиньо Вейналдумның орнын баса алады деп санайды. Ал Вейналдумның клубпен келісімшарты 2021 жылдың жазында аяқталады.
Мали құрамасының ойыншысы шамамен 30 миллион фунт стерлингке бағаланды. "Ливерпуль" бұл ойыншыға қызығушылық танытқан жалғыз клуб емес. Сондай-ақ, оған "Монако", "Манчестер Юнайтед" және Испанияның екі командасы көз тігіп отыр.
"Брайтон" жартылай қорғаушыны қысқы трансферлік кезеңде сату туралы ұсыныстар күтеді. "Ливерпуль" басқа клубтардан озып, ойыншыға алғашқылардың бірі болып ұсыныс жасауды ойластыруда.
Биссума "Брайтонға" 2018 жылы ауысты. Трансфер құны 15 миллион фунт стерлингті құрады. Осы маусымда ол Премьер-лигада 12 ойын өткізіп, 1 гол соқты.
Біздің серіктес: FONBET