Жарнама
Жарнама

«Ливерпульден» қуылған футболшы жаңа клубында одан да көп жалақы алмақ

10.08.2025, 07:57

Сауд Арабиясының алыбы «Әл-Хилал» ресми түрде шабуылшы Дарвин Нуньесті қатарға қосқанын жариялады.

Жарнама
Жарнама

26 жастағы уругвайлық футболшы төрт маусымнан кейін «Ливерпульден» кетіп, трансфер құны 53 млн еуроны және бонус төлемдерін құрады. БАҚ мәліметінше, оның жаңа клубтағы жалақысы жылына шамамен 20 млн еуро болмақ. Ол бұған дейін Англия чемпионатында небәрі 8,5 млн еуро тауып келген еді.

Нуньес 2021 жылы «Бенфикадан» Англияға 85 млн еуроға ауысқан болатын. Алайда «Ливерпульдің» негізгі құрамында тұрақты орын таба алмады. 2024/25 маусымында ол 47 матч өткізіп, 7 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: