«Ливерпульдің» мысырлық шабуылшысы Мұхамед Салах маусым соңында клубтан кетуі ықтимал. Бұл туралы «The Sun» басылымы мәлімдеген болатын.
Футболшының бұл шешіміне бас бапкер Юрген Клопптың маусым соңында «Ливерпульден» кетуі түрткі болған сыңайлы. Естеріңізде болса, неміс маманы біраз уақыт бұрын АПЛ соңында өз орнынан кететінін мәлімдеген еді. Мұхамед Салах «Ливерпуль» сапында 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Биылғы маусымда мысырлық форвард АПЛ-де 26 матчқа қатысып, 17 гол соққан және тоғыз голдық пас берді. Сондай-ақ, Салах «Рома», «Фиорентина», «Челси», «Базель» және «Мокавлун» сынды командалардың намысын қорғаған. Әзірге мысырлық футболшыға үміткерлер қатарында Сауд Арабиясының «Әл-Иттихад» командасының аты жүр. Арабиялық клуб Салах үшін 200 миллион фунт төлеуге дайын. Айта кетейік, мысырлық шабуылшының «Ливерпульмен» келісімшарты келесі маусымның соңына дейін. Мұхамед Салахтың трансферлік нарықтағы құны 65 миллион еуроны құрайды.
Біздің серіктес: FONBET