Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, 28 жастағы гвинеялық жартылай қорғаушы Тони Сильваға Қазақстан Премьер-лигасының бірнеше клубтары қызығушылық танытып отыр.
Шабуылдаушы жартылай қорғаушы үшін «Тұран», «Ақтөбе», «Шахтер» және «Ақсу» клубтары таласып көрмек.
Сильва өткен маусымды «Тобыл» сапында өткізіп, Қазақстан чемпионы атанды. 2022 жылдың қаңтарында футболшы қостанайлық клубтан кетті.
Оған дейін футболшы Тараздың намысын қорғаған (17 кездесу, 4 гол).
Гвинеялық футболшы Қазақстанға келмес бұрын бірқатар шетелдік клубтарда, оның ішінде «Ливерпуль», «ЦСКА София», румыниялық «Астра», португалиялық «Униан Мадейра» секілді командаларда доп тепкен.
Жақын арада Тони шешім қабылдап, жаңа командасының оқу-жаттығу жиынына қосылатын болады.
Біздің серіктес: FONBET