«Ливерпульдің» жартылай қорғаушысы Джеймс Милнер Англия Премьер-лигасының 10-турында «Брайтон энд Хоув Альбионға» қарсы ойында жарақат алды (1:1).
Англиялық журналист Бен Динернидің Twitter-де жазғанына қарағанда, 34 жастағы футболшы ойынның екінші жартысында жамбасының артқы бөлігін жарақаттаған. 74-минутта оның орнын Кёртис Джонс басты.
Милнер осы маусымда Премьер-Лиганың сегіз ойынына қатысып, бір нәтижелі паспен ерекшеленді. Сондай-ақ оның Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өткізген төрт ойыны бар.
Еске салайық, 22 қарашада Премьер-лиганың 9-турында «Лестермен» (3:0) болған матчта жартылай қорғаушы Наби Кейта жарақат алған болатын. Юрген Клопптың шәкірттері дәл қазір 21 ұпай жинап, Англия премьер-лигасының турнирлік кестесінде бірінші орынға көтерілді.
Біздің серіктес: FONBET