Жарнама
Жарнама

“Ливерпульдің” жаңа шабуылшысы Уго Экитике

21.07.2025, 13:30

“Ливерпуль” клубы кезекті жұлдызды ойыншымен келісімге келді. Атақты инсайдер Фабрицио Романоның деректеріне сүйенсек, Францияның жас шабуылшысы Уго Экитике Ағылшын Премьер лигасының чемпиондарына ауысуға дайын.

Жарнама
Жарнама

"Айнтрахт Франкфурт” сапында өнер көрсетіп жүрген 22 жастағы футболшының трансферлік құны 90 миллион еуродан асып жығылмақ. Қосымша бонустармен бірге бұл сома 95 миллион еуроға дейін жетуі мүмкін. Бұл "Ливерпульдің” соңғы жылдардағы ең қымбат трансферлерінің бірі.

Экитике “Ливерпульмен” 2031 жылдың маусымына дейін алты жылдық келісімшартқа қол қояды деп күтілуде. Айта кетерлігі, ойыншы басқа ұсыныстарға қарамастан тек “Энфилдке” баруды қалаған. 

Еске салсақ, Экитике кәсіби мансабын Франциядағы “Реймс” клубында бастаған. Кейін “ПСЖ” сапында да доп тепкен ол, соңғы маусымда Германияның “Айнтрахт Франкфурт” клубында өзін толықтай мойындатып, Еуропаның мықты клубтарының назарын өзіне аударған болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров