"Ливерпульге" Еуропа лигасы керек емес

12.04.2024, 11:52

Еуропа лигасы. 1/4 кезең. 1-ші матч. 

11-сәуір 2024, бейсенбі. 

"Ливерпуль"-" Аталанта" 0:3

 

Кеше "Ливерпульдің" "Аталантамен" болған матчының бірінші таймынан кейін осындай ой келді. Юрген Клопп өзінің соңғы маусымында АПЛ-ді ұтуға күш салатындай ма? Неміс маманы қосалқы құрамда Салах, Собослай секілді негізгі ойыншыларды қалдырып, қосалқы құраммен ойнауды жөн көрді. "Бергамаскіліктер" бірінші таймда есеп ашып, ойын соңына дейін алаң иелерінің қақпасынан тағы екі рет саңылау тапты. "Ливерпуль" екінші таймда гол салған, алайда Салах ойыннан тыс қалған себепті ол есепке алынған жоқ.