Логвиненко қатарынан екінші матчта гол соғып, командасына бір ұпай сыйлады

23.06.2021, 04:03
«Ақтөбе» Вахид Масудов келгелі бері жеңілген жоқ.

"Ақтөбе" Қазақстан Премьер-лигасының он жетінші туры қарсаңында "Қызыл-Жармен" кездесті. Қобыланды батыр атындағы стадионда өткен матчта жеңімпаз анықталмады.

Ойынның алғашқы бөлігінде қос команда да гол соға алмады. Бірақ 69-минутта Дарко Зорич қақпашымен жеке-дара шығып, өз мүмкіндігін сәтті пайдаланды. Ал 80-минутта "Қызыл-Жар" қорғаушысы Нұрлан Дайыров қызыл қағаз алды. Бір минут өткеннен кейін Юрий Логвиненко есепті теңестірді.

Жеңіліссіз сериясын үш матчқа ұзартқан "Ақтөбе" турнирлік кестеде 20 ұпаймен тоғызыншы орынға тұрақтады. 22 ұпайы бар "Қызыл-Жар" жетінші орынға жайғасты