Жарнама
Жарнама

Логвиненко: «Жиын өте жақсы өтіп жатыр, бұл үшін мұнда барлық жағдай жасалған» 

18.01.2022, 23:39
Капитан жақында ғана клубпен келісім-шартын ұзартты.
Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» футбол клубының капитаны Юрий Логвиненко команданың Түркияда өтіп жатқан алғашқы оқу-жаттығу жиыны жайлы әсерімен бөлісті.

— Оқу-жаттығу жиыны өте жақсы өтіп жатыр. Қазір физикалық дайындыққа көп көңіл бөлудеміз. Дайындықты бастағанымызға осымен бес күн болды. Командаға жаңа ойыншылар көп келіп жатыр, біреуі — қаралымға, біреуі — келісім-шарт жасасуға. Барлығы жоспарлы түрде жүріп жатыр дей аламын. Негізінен қазіргі таңда демалыстан кейін физикамызды, күшімізді нығайтып жатырмыз. Бұл үшін мұнда барлық жағдай жасалған. Жақын арада жолдастық ойындар басталмақ. Әзірленіп жатырмыз.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров