Астаналық «Локомотив» өзінің тарихындағы бірінші кубокты иеленді. Өз алаңындағы кездесуде қарағандылық «Шахтерді» 1:0 есебімен тізерлеткен елордалықтар келер жылы Еуропа лигасында Қазақстан атынан бәсекеге түседі.
«Локомотив» — «Шахтер» 1:0 (1:0)
Гол: Рожков 34 (1:0)
Ескертулер: Рожков 56, Андроник 75 — Богданов 13
«Локомотив»: Белкин, Самченко, Нұрдәулетов, Киров, Рожков, Андроник (Божиновски 87), Пахолюк (Остапенко 79), Азовский, Гурман (Даутов 90), Шахметов, Бугаев
«Шахтер»: Григоренко, Кислицын, Козюлин, Джорджевич, Руденко, Вичюс (Джидич 67), Пикалкин, Богданов, Шафф, Мулиса, Финонченко
Бас төреші: Игорь Хисамутдинов (Павлодар)
Қапталдағы төрешілер: Анатолий Ходин (Атырау), Рустам Сүйінов (Павлодар)
14 қараша. Астана «Астана-Арена».
Ресейдің «Ростов» командасында талай жыл өнер көрсеткен Михаил Рожков 1-таймның бел ортасында гол соғып, астаналық жанкүйерлерді бір желпінткен. Ал, осы матчқа Қарағандыдан келген жанкүйерлер өткен жылғыдай өз командаларының жеңілісін көруге мәжбүр болды. Естеріңізге сала кетсек, өткен жылғы кубоктың финалында «Шахтер» дәл осы «Астана-Арена» стадионында «Атырауға» жол берген болатын.