Ломтадзе Англияның үшінші дивизионында ойнайтын команданы сатып алды

06.05.2024, 05:20

"Каспий.кз" компаниясының негізін қалаған белгілі кәсіпкер Михаил Ломтадзе "Уикомб" футбол клубының 90 пайыз акциясын сатып алған

Михаил Ломтадзе

Бұл туралы "BBC" мәлімдеді. "Уикомб" осы маусымды 10-орынмен аяқтаған. 2020 жылдың ақпанынан команда америкалық кәсіпкер Роб Куигке тиесілі және миллиардер өтпелі кезеңде де клубтың президенті болып қала бермек. Сондай-ақ, атқарушы директор лауазымына АПЛ-дің бірқатар командаларында жұмыс істеген Дэн Райс тағайындалды делінген. 

Айта кетейік, Михаил Ломтадзе осы жылы  "Forbes" миллиардерлер тізіміне енген еді.