«Ференцвароштың» қорғаушысы Лоранд Пашка Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында «Тобылға» қарсы өтетін матч жайлы өз ойын ортаға салды.
- Сіз «Ференцварош» үшін еурокубокте алғаш рет ойнағалы жатырсыз. Бірақ бұл матчқа қатысу үшін ұзақ жол жүруге тура келеді. Жолда өзіңізді қалай сезіндіңіз?
- Сапарымыз ұзаққа созылды, бірақ өте жақсы болды, біз жақсы ұшып келдік.
- Сізде бұған дейін осындай ұзақ сапар болды ма?
- Мен бұрын ешқашан ұшақта мұнша ұзақ ұшқан емеспін. Көлікпен 6-7 сағат жүрген кездерім болды. Бірақ мен үшін ұшақпен жүру ыңғайлы, мұнда фильмдерді көре аласыз, музыка тыңдай аласыз, кітап оқи аласыз. Жалпы өзіңіз қалайтын дүниемен айналысуға мүмкіндік бар.
- Маусымның алғашқы ойыны жақындап қалды. Дәл қазір командадағы атмосфера қандай?
- Командадағы атмосфера керемет, барлығы сәрсенбі күні болатын ойынға дайындалып жатыр. Бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчқа толықтай дайынбыз. Біз өзімізді және жанкүйерлерді қанағаттандыратын нәтижеге жету үшін бар күшімізді саламыз.
– Қостанайда команданы не күтіп тұр?
- Соңғы күндері қарсыласты талдай отырып, матчтарын бірнеше рет тамашаладық, бірақ бапкерлер штабының ойын алдында нақты нұсқаулар беретініне сенімдімін. Бүгін біз жергілікті стадионда жаттығу жасаймыз және біз үшін жаңа маусым сәрсенбі күні басталады - маусымның бірінші ойынында жауапты матчқа дейін жақсы негіз болатын нәтижеге қол жеткізгіміз келеді.
Біздің серіктес: FONBET