Жарнама
Жарнама

Ловрен: «Рамосты әдейі ұрдым, ол Салахты жарақаттады емес пе?»

21.08.2020, 16:06
Рамос бұған қалай жауап қатар екен?
Жарнама
Жарнама

«Зениттің» қорғаушысы Деян Ловрен «Реал Мадридтің» қорғаушысы Серхио Рамосты Хорватия мен Испания арасындағы (3-2) Ұлттар лигасының матчында әдейі ұрғанын айтты.

2017/2018 Чемпиондар лигасының финалында Рамос Салахты жарақаттап, Салах алаңнан кетуге мәжбүр болған еді.

"Мүмкін мен Рамосты әдейі ұрған шығармын, себебі ол менің досым Салахты жарақаттады. Менің ойымша, Рамос Мохамедті әдейі жарақаттады, сондықтан өз әрекеттері үшін жауап беретін кез келді.


"Реал Мадридпен" болған матчта Салах жарақат алғанға дейін жақсы ойнадық. Оның алаңнан кетуі үлкен соққы болды. Осыдан кейін қарсыластар үстемдік ете бастады.

Лука Модрич Испаниямен болған матчта Рамоспен арамыздағы шиеленісті төмендетуге тырысты. Бірақ мен оны қасақана білегіммен ұрып, "міне, енді есептестік" дедім.

Мен Рамосты футболшы ретінде құрметтеймін. Ол көптеген атақтарға ие болды. Екінші жағынан, маған оның мінез-құлқы ұнамайды", - деді Ловрен Sada El Balad телеарнасына берген сұхбатында.


Жарнама
Жарнама

Новости партнеров