UEFA Конференциялар Лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясындағы «Лозанна» - «Астана» матчын Польша елінен келген төрешілер бригадасы жүргізеді.
Алғашқы ойында бас төреші қызметін Лукаш Кузьма атқарады. Оған Якуб Винклер мен Петр Подбельски қапталдағы көмекші ретінде көмектеседі. Төртінші төреші – Дамиан Кос. VAR жүйесінде Павел Малец жұмыс істесе, оның көмекшісі Петр Урбан болады.
Бұған дейін Лукаш Кузьма Конференция лигасының екінші айналымында «Интер» - «Олимпия» кездесуінде бас қазы болған еді. Сондай-ақ, ол Польша Суперкубогында «Лех» - «Легия» ойыны да сеніп тапсырылған болатын.
Біздің серіктес: FONBET