Жарнама
Жарнама

«Лозанна» бас бапкері: Астанада тамаша қонақ үйлер бар және олар қолжетімді

01.08.2025, 13:47

Конференция лигасының үшінші кезеңінде «Астана» клубының қарсыласы ретінде Швейцарияның «Лозанна» командасы танылды. Осы орайда швейцариялық ұжымның бас бапкері Петер Цайдлер өз ойымен бөлісті.

Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, «Лозанна» Конференция лигасының үшінші кезеңіне өткенімен, күнтізбе жағынан өте тығыз графикке тап болды. Алдымен 3 тамыз күні Тун қаласына сапар, содан кейін 7 тамызда «Астананы» өз алаңында қабылдайды. Одан кейін «Цюрих» 10 тамызда Ла-Тюильерге барады. Ал 14 тамызда Қазақстанға ұшып кетуі керек. Сол сапардан соң, бірден 17 тамызда Швейцария Кубогында Веве қаласында матч өткізеді. 

«Өте жағымды жаңалық. Біз мұндай кестеге қуаныштымыз», – деп пікір білдірді бас бапкер Петер Зейдлер. Дегенмен, бір ғана алаңдаушылық бар: «Қазақстаннан Вевеге дейінгі жолда матчқа үлгереміз деп үміттенемін», – деді ол.

«Мен Стефан Аншомен сөйлестім. Ол бәрін ұйымдастырып қойды. Астана мен Лозанна арасындағы жолда қай жерде жанармай құятынымызды да біледі. Ол жақта өте жақсы қонақ үйлер бар. Бағалары да қолжетімді. Сондықтан екі түнге тоқтауға мүмкіндігіміз болады», – деп әзілдеді ол.

Сондай-ақ, ол «Астананың» да мүмкіндігіне баға берді.

«Олардың мүмкіндіктері бар. Командасы мықты. Біз үшін нағыз сынақ болғалы тұр. Біз кездесуді асыға күтіп отырмыз», – деді Петер Зейдлер.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: