Жарнама
Жарнама

«Лозанна» бас бапкері «Астанаға» қарсы матч алдындағы жеңіліске қуанышын жасырмады

11.08.2025, 07:09

«Лозанна» клубы Швейцария чемпмонатында екінші мәрте қатарынан жеңіліске ұшырады. Әйтсе де команданың бас бапкері Петер Цайдлер жеңілістің жақсы жағын да атап өтті.

Жарнама
Жарнама

«Ойыншылардың физикалық дайындығы жақсы. Оларға қалпына келу үшін екі-үш күн жеткілікті. Бүгін соған көзім жетті. Ел чемпионатындағы жеңіліске шаршау әсер етті дей алмаймын. Енді бейсенбіге дейін футболшылардың сергек болатындығына кәміл сенемін», – деп мәлімдеді Петер Цайдлер.

Алдағы аптада «Лозанна» үшін тағы да ауыр сынақ күтіп тұр. Команда Қазақстанға сапар шегіп, шамамен 5000 шақырым жол жүреді.

Айта кетейік, Конференция лигасының үшінші айналымы аясындағы бірінші ойын Швейцария клубының (3:1) жеңісімен аяқталған еді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: