“Астана” қорғаушылары ертеңгі ойында мына ойыншыны тасада қалдырмауы керек!
24 жастағы Мемоду Кали Сене "Лозанна" клубының шабуылындағы ең қауіпті ойыншылардың бірі. Сенегалдық швейцариялық ұжымда өткізген соңғы 5 кездесуде 5 гол соққан.
Мемоду “Лозанна” Уши (1Х), “Винтертур” (1Х), “Вардар” (2Х) және “Тун” (1Х) клубтары қақпасынан саңылау тапты.
Ертеңгі болатын ойында Калайца, Кажуколовас бастаған қорғанысқа аталған футболшыдан абай болуы тиіс. Жас болсада, “Ювентус” академиясының түлегі “Базель” және “Омония” сынды клубтарда ойнап үлгерген.
Еске салайық, 7 тамыз күні “Астана” командасы Конференция Лигасының кезекті іріктеуінде “Лозаннада” қонақта болады. Аталған матч елорда уақытымен 23:15 өз бастауын алады.
Біздің серіктес: FONBET