Германия Суперкубогының финалы «Штутгарт» пен «Бавария» арасындағы тек футболдық шоу ғана емес, сонымен қатар жүрекке әсер еткен сәтті де сыйлады.
Мюнхендік клубтағы дебюттік голын соққан Луис Диас оны қайғылы жағдайда қаза тапқан Диогу Жотаның рухына арнады.
Колумбиялық ойыншы 77-минутта соққан голынан кейін, Жотаға тән әйгілі қуануды қайталады. Бұл «Ливерпуль» жанкүйерлерінің есінде жақсы сақталған ишара еді. Аталмыш оқиғаның символдық мәні ерекше. Кезінде Жота Диастың отбасындағы ауыр жағдай кезінде де оның есімін жазған жейдені көтеріп, қолдау білдірген болатын. Енді, уақыт өте, Луис өзі сол құрметті қайтарып, бұрынғы серіктесінің рухына тағзым етті.
Айта кетейік, Германия Суперкубогында «Бавария» клубы «Штутгартты» 2:1 есебімен жеңді.
Біздің серіктес: FONBET