Жарнама
Жарнама

Луис Гедес «Ордабасы» ойыншысы атанды

05.03.2022, 16:12
Шымкенттік клуб әзірге бес легионерге сенім артпақ.
Жарнама
Жарнама

«Ордабасы» футбол клубы 22 жастағы бразилиялық шабуылшы Луис Гедеспен келісім-шартқа отырды.

Луиз бразилиялық «XV де Жау» командасының түлегі. Футболшы өткен жылдың барлық ойындарын осы командада өткізген.

Айта кетейік, Гедес «Ордабасы» сапындағы бесінші шетелдік ойыншы ретінде тіркелді. Бұған дейін шымкенттік клуб Виктор Брага (Бразилия), Александр Батищев (Украина), Одил Абдумажидов (Өзбекстан) және Серж Ньюадзимен (Того) келісім-шарт жасасқан болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров