Мадридтік «Атлетико» мен «Барселонаның» бұрынғы шабуылшысы Луис Суарес мансабын Уругвай чемпионатында жалғастыратынын мәлімдеді. Шабуылшы 16 жыл бұрын кәсіби футболдағы алғашқы қадамдарын жасаған «Насьональ» клубына ауысады.
«Қазір мен «Насьональға» қосылу туралы шешім қабылдадым. Бұл мүмкіндіктен бас тарта алмадым. Жақын арада бәрі шешіліп, келіссөздер сәтті аяқталады деп үміттенемін», - деді Суарес.
Еске салайық, бұған дейін Суарес «Гронинген», «Аякс», «Ливерпуль», «Барселона» және «Атлетико» сынды клубтарда ойнаған. «Насьональ» үшін Луис кәсіби деңгейде тек төрт кездесу өткізді. Жалпы, мансабында уругвайлық шабуылшы 695 матч өткізіп, 436 гол мен 238 нәтижелі пастың авторы атанды.
Біздің серіктес: FONBET