Жарнама
Жарнама

Луис Суарес мансабын Англияда жалғастыруы мүмкін

19.01.2022, 22:06
Оны бұрынғы командаласы әрі досы шақыруда.
Жарнама
Жарнама

«Атлетико Мадридтің» шабуылшысы Луис Суарес «Астон Виллаға» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды журналист Жерар Ромеро.

Оның айтуынша, 34 жастағы уругвайлық футболшы «Астон Виллаға» ауысуға ниетті болғандықтан, бразилиялық клубтардың («Атлетико Минейро», «Коринтианс», «Палмейрас») және Сауд Арабиясындағы бір команданың ұсынысынан бас тартты. Суаресті англиялық клубтың бас бапкері Стивен Джерард шақыруда.

Бұл трансфердің осы қыста орын алуы екіталай, бірақ келесі жазда Суарестің «Атлетикомен» келісім-шарты аяқталады.

Осы маусымда Суарес Ла Лига мен Чемпиондар лигасында 25 ойын өткізіп, 8 гол соқты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров