Жарнама
Жарнама

ЛУИС СУАРЕС НӘСІЛШІЛДІК ӘРЕКЕТІ ҮШІН АЙЫПТАЛДЫ

22.12.2011, 21:49
Жарнама
Жарнама
Нәсілшілдік әрекеті үшін “Ливерпуль” клубының шабуылшысы Луис Суарес 8 ойыннан аластатылды. Оған қоса уругвайлық футболшы 40 мың фунт стерлинг көлемінде айыппұл төлейтін болды. Аталмыш қиға ағылшын пример лигасы аясында “Манчестер Юнайтед” қорғаушысы Патрис Эвра мен Суарес арасында орын алған. Ойын барысында француз футболшысын бірнеше рет балағаттаған уругвайлық оның намысына тиетін сөздер айтқаны анықталып отыр. Алайда “Ливерпуль” ойыншысы Эвра тарапынан да оғаш әрекеттер болғанын алға тартты. Осы мәселеге байланысты соңғы шешімді жариялаған ағылшын футбол одағы ақыры оңтүстікамерикалықты «айыпты» деп тапты. Ендігі кезекті апелляцияға жүгінген клуб басшылыға оң шешімді күтіп отыр. Қазіргі уақытта “Ливерпуль” Пример лиганың 6-орында тұр. Бүгін Кенни Далглиш шәкірттері “Уиганға” қарсы ойнайды.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров