Жарнама
Жарнама

Луис Суарес «Ювентусқа» ауысу туралы келіссөздерді тоқтатты

10.09.2020, 16:04
Суарес кеше Instagram парақшасында көптеген қауесет әңгімелердің айтылып жатқанын меңзеген еді.
Жарнама
Жарнама

«Барселонаның» уругвайлық шабуылшысы Луис Суарес «Ювентуспен» трансфер бойынша жүргізіліп жатқан келіссөздерді тоқтатты, деп хабарлайды Sport.es.

Дереккөздің хабарлауынша, Суарес «Ювентусқа» ауысудың дұрыстығына күмәндануда, өйткені бұл өзінің мансабындағы соңғы ірі трансфері екенін түсінді. Уругвайлық соңғы шешім қабылдамас бұрын барлық мүмкін нұсқаларды бағалап алғысы келеді.

Ал "Барселонаның" жаңа бас бапкері Рональд Куман уругвайлық ойыншының келесі маусымда командаға қажет емес екенін хабарлаған болатын. Футболшыны алуға басты үміткер - каталондық клубпен келісімге келіп үлгерген «Ювентус». Сондай-ақ, шабуылшыға "Атлетико" тарапынан да қызығушылық туындады.

Луис Суарес «Барселона» сапында 2014 жылдан бері ойнап келеді. 2019/2020 маусымында уругвайлық форвард клубтық деңгейдегі барлық турнирлерде 36 матчқа қатысып, 21 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген. 2007 жылдан бастап Суарес Уругвай құрамасына шақыртылып келеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров