«Барселона» мен «Реал Мадридтің» бұрынғы жартылай қорғаушысы Луиш Фигу Еуропа Премьер-лигасының құрылуы туралы ақпаратқа түсініктеме берді.
«Еуропалық Премьер-Лиганың құрылуы біз білетін футболды жояды. Мұның бәрі бірнеше элиталық клубтардың ашкөздігінің арқасында болып жатыр. Бұл жанкүйерлер сүйетін басқа клубтар мен үздік лигаларды жояды. Футбол бірігу керек. Барлығы бұған қарсы тұруы керек», - деп жазды Фигу өзінің Twitter-дегі парақшасында.
«Ливерпуль» мен «Манчестер Юнайтедті» қоса алғанда, Англия, Германия, Испания, Италия және Францияның 10-нан астам клубы Еуропа премьер-лигасы деп аталатын турнир құру туралы келіссөздер жүргізіп жатқандығы туралы хабарланды. Ұйымдастырушылар турнирді ФИФА-ның қолдауымен 2022 жылы бастауды жоспарлап отыр. Оған 16-18 команда қатысады деп күтілуде. Қазіргі уақытта клубтар турнирді қаржыландыратын инвесторлар іздеуде. Лиганы іске қосу үшін 6 миллиард доллар қажет екендігі атап өтілді. JP Morgan банкі қаражат көзі бола алады.
Біздің серіктес: FONBET