“Қайраттың” Португалиялық қорғаушысы Луиш Мата Чемпиондар лигасында “Спортингке” қарсы 1:4 есебімен аяқталған ойыннан кейін мен өз ойымен бөлісті.
“Бір жағынан, жеңіліске қатты қапаландық. Екінші таймда есепті теңестіру мүмкіндігі болды, бірақ бес минут ішінде үш гол жіберіп алдық. Дегенмен, мен өз елімде, отбасым мен достарымның көз алдында Чемпиондар лигасында дебют жасағаныма қуаныштымын. Енді біз оң сәттерге назар аударып, келесі ойынға дайындалуымыз керек. Алда дүйсенбі күнгі матч, одан соң “Реалға” қарсы тарихи кездесу.” – деді Мата.
Ол Португалияға оралуға деген арманын да жасырмады:
“Әрине, қайтқым келеді. Соңғы бес жыл бойы шетелде жүрсем де, Португалиялық лиганы үнемі бақылап отырдым. Мен Примейра Лигасында ойнауды қатты қалаймын. Мен елден тым ерте кетіп қалдым, мүмкіндік болмады. Қазір менде сол деңгейде ойнауға жеткілікті тәжірибе де, сапа да бар. Ал “Порту” туралы арманыма келсек, бұл клубтың деңгейі өте жоғары, сондықтан мен өзімді әлі де көрсетуім керек. Чемпиондар лигасында жақсы ойнауым қажет. Португалиядан кетуіме қаржылық жағдай себеп болды. Польшада келісімшартым біткен кезде елге оралуға мүмкіндік болған, бірақ мен оны іске асыра алмадым. Енді алдағы екі-үш жылда міндетті түрде ораламын деп сенемін. Португалиядағы техникалық және тактикалық футболды қатты сағынып жүрмін.” – деп мәлімдеді Мата.
Біздің серіктес: FONBET