Лукаку: Тез жазылыңыз, бапкер!

04.05.2020, 09:15
Ромелу Лукаку өзіне көп көмектескен бапкерді ұмытпайды.

"Интер" шабуылшысы Ромелу Лукаку Рональд Куманның ауруханаға түсіп қалғанына байланысты пост жазды. 6 миллион оқырманы бар Лукаку кезінде Куманның қол астында жаттыққан еді. "Эвертон" командасында жүрген шақта Голландия құрамасының бапкері Ромелудың бағын ашып еді.