Жарнама
Жарнама

Лукас Пакета көз жасына ерік берді

06.05.2025, 22:30

Ағылшын Премьер лигасының "Вест Хэм Юнайтед” клубының Бразилиялық жартылай қорғаушысы Лукас Пакета “Тоттенхэмге” қарсы ойында сары қағаз алған сәтінде алаңда тұрып көз жасына ерік берді. Бұл – жай ғана сары қағаз емес, соңғы екі жыл бойы жалғасып келе жатқан ауыр қысым мен жүйке күйзелісінің көрінісі еді.

Жарнама
Жарнама

Пакета 2023 жылдан бері футболдағы алаяқтық ісі бойынша тергеліп келеді. Оған матч кезінде сары қағазды әдейі алып, өзіне жақын адамдарға бәс тігу арқылы қаржылай пайда әкелді деген айып тағылған болатын. Дегенмен, бұл айыптаулар әлі күнге дейін дәлелденбеген. Алайда істің ұзаққа созылып кетуі, әлеуметтік желілердегі қысым мен әділетсіз сын Пакетаның психологиялық жай-күйіне әсер еткені анық байқалды.

Пакета бұл туралы көпшілік алдында әлі ресми түрде мәлімдеме жасаған жоқ. Алайда оның жары   әлеуметтік желіде мынадай жазба қалдырды:

"Біз екі жылдан бері тозақта өмір сүріп келеміз. Күйеуімнің қандай қиындықты бастан өткеріп жатқанын, қандай төзімділік пен сабыр танытып жүргенін адамдар мүлде білмейді. Оның кінәсін дәлелдейтін ешқандай нақты айғақ болмаса да, сырттай үкім шығарып, қоғам алдында қаралады. Әлеуметтік желіде тролльдер мен ғайбат айтушылар өте көп. Біз күйеуімнің арқасында ғана осындай деңгейге жеттік, осындай өмір сүріп отырмыз. Адамдар шындықты білмей жатып, неге сонша зұлым бола береді?” – деді ол.

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров