Мадридтік «Атлетико» Лондондық «Арсеналдың» уругвайлық жартылай қорғаушысы Лукас Торрейрамен келісімге келді, деп жазады журналист Фабрицио Романо.
Дереккөздің хабарлауынша, футболшы «матрасшыларға» қосылуды шынымен де қалайды, бірақ испаниялық клуб әлі «Арсеналмен» трансфер шарттарын келіскен жоқ. Уругвайлық ойыншыны сатып алу үшін «Атлетико» мексикалық жартылай қорғаушы Эктор Эррераны сатуы керек.
Торрейра "Арсеналға" 2018 жылдың жазында "Сампдориядан" ауысқан еді. Трансфер құны 28,65 миллион еуроны құрады. Өткен маусымда 24 жастағы жартылай қорғаушы Премьер-лиганың 29 ойынына қатысты (бірінші құрамда 17), бір гол және бір голдық пас берді. Футболшының клубпен келісімшарты 2023 жылдың жазына дейін жасалған.
Біздің серіктес: FONBET