Жарнама
Жарнама

М.Адиев: Ұлттық құрамада қалсам жағдай дәл осындай болар еді

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев Словениямен ойыннан кейін өз пікірін білдірді. Қазір жұмыссыз қалған маман Қазақстан құрамасына жанкүйерлік етіп, соңғы нәтижелері үшін күйзелетінін жеткізген.

фото ашық дерек көзден алынды
Жарнама
Жарнама

“Қазақстан ұлттық құрамасының мен үшін орны бөлек. Әрі бұл ел менің туған отанымдай маған ыстық. Біз Қазақстан футбол федерациясының Президентімен сөйлескенбіз, және менің ойым өзгерген жоқ. Осы Ұлттар лигасы арқылы Әлем чемпионатының іріктеуіне дайындық жүргізу қажет. Иә, қазіргі нәтижелер көңіл көншітпейді, бірақ қайта жасақталып жатқан команда үшін бұл қалыпты құбылыс. Сондықтан, мұны экспиремент деп қабылдау керек. Черчесов өте білікті маман. Егер, ұлттық құрама тізгінінде мен қалсам да дәл осындай процесс болар еді. ӘЧ іріктеуіне әлі жеткілікті уақыт бар. Ұлттық құраманың көшбасшы ойыншылары бір жыл ішінде қандай күйде болатыны белгісіз.  Осы ойындар арқылы Черчесов футболшылардың мүмкіндігін бағамдап, содан қорытынды шығаратын болады” – деді М.Адиев.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров