Мәскеулік қалып, енді киевтік шықты

Украинаның 16-дүркін чемпионы “Динамо” Киев Бешикташ пен Қазақстан құрамасының ойыншысына көз тікті, деп жазады ua-football.com.

Дереккөз мәліметінше, қос тарап мүмкін трансфер жайында кездесіпті. 

Бұған дейін, Зайнутдиновке мәскеулік “Динамо” қызыққан. Алайда Бақтиер Ресей чемпионатына енді қайтып оралмайтынын жеткізді. Естеріңізде болса, қорғаушы сонау жаз айында Нұралы Әліп өнер көрсететін “Зениттің” ұсынысынан бас тартқан болатын.

Зайнутдинов “Бешикташта” 2023 жылдың басынан бері өнер көрсетіп келеді. Бір қызығы отандасымыз түрік ұжымындағы алғашқы голын Конференция Лигасы аясында дәл осы “Динамо” қақпасына соққан болатын. 

Transfermartk Бақтиердың қазіргі трансферлік құның 5 млн еуроға бағалайды.