Жарнама
Жарнама

Мадридке екінші рет сапар

24.04.2014, 08:35
Жарнама
Жарнама
  Кешегі командалар бір-біріне қалай ұқсаса, бүгінгілер де дәл солай. "Атлетико" мен "Челси" көбінесе қорғанысқа бөлетін командалар болса, "Реал" мен "Бавария" шабуылды жаны сүйетін ұжымдар қатарынан. Сондықтан да, кешегі Мадридтегі ойыннан мезі болған жанкүйерлер, Мадридге екінші рет сапар шегіп, голдар шеруін күтетіні анық. Егер, "Бавария" өз еліңде чемпиондық тағдырын шешіп қойса, "Реал" негізгі ойыншыларымен екі алаңда бірдей шайқасуға тура келеді. Кімнің пайдасына болса да, ол да бір фактор. Физикалық дайындық да маңызды рөл атқармақ.  Сен салмаған саған салады. Бұл заңдылықты Чемпиондар Лигасының жартылай финалында да ешкім жоққа шығарған емес. "Бавария" матчты жылдам, допты өз иелегіне алып, шабуылдар жасап, мүмкіндіктер болғанымен ойын тағдырын шешкен қарсы шабуыл орын алды. Немістердің осы ойындағы ең осал тұсы Рафинья жауап беретін сол қанаттан гол келді. Тіпті, матчтың үздік ойыншысы деп атауға тұрарлықтай Коунтрау пасынан кейін, Бензема жалғыз голдың авторы атанды. Әрине ойынның аяғына дейін, "Бавария" есепті теңестіруге тырысқанымен, сәттілік жетіспеді, онымен қоса мадридтік қорғаушылардың осалдығы да жетіспеді. Неміс машинасы кейбір ойын компоненттерінде басым болғанымен, таблодағы есеп алаң иелері пайдасына. Қорытындылай келе, Мадридте тірі ойын көрдік. Кешегіден өзгешерек. Эмоция, тіпті ойынның градусы сабырлы деген Пеп Гвардиоланың өзінен негативтік эмоцияларды шығарды. Кейбір бөліктерде қарама-қарсы бағытталған шабуылдарды, ашық ойынды көрдік. Егер матч алдында фаворит мюнхендіктер саналса, енді керісінше, "Реал Мадрид" фаворит есебінде. Өз алаңындағы 1:0 нәтижесі өте тамаша жетістік. Бұндай нәтижемен Мюнхенге барудың өзі қорқынышты емес. Қонақта бір гол салса, Пеп шәкірттері үшін өте қиын болмақ. Асыға күтетін боламыз Мюнхендегі ойынды.

23 сәуір. Мадрид. Стадион "Сантьяго Бернабеу". Төреші- Ховард Уэбб (Англия).

РЕАЛ МАДРИД - БАВАРИЯ - 1:0 (1:0)
 Карим Бензема, 19 (1:0).
Реал Мадрид Бавария
 Икер Касильяс  Мануэль Нойер
 Даниэль Карвахаль  Марсио Рафинья, 66
  Серхио Рамос  Джером Боатенг
 Пепе, 73  Бонфим Данте
 Фабиу Коэнтрау  Давид Алаба
  Хаби Алонсо  Филипп Лам
 Лука Модрич  Бастиан Швайнштайгер, 74
  Иско, 82  Арьен Роббен
 Анхель Ди Мария  Тони Кроос
 Карим Бензема  Франк Рибери, 72
 Криштиану Роналду, 73  Марио Манджукич
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Рафаэль Варан, 73  Хави Мартинес, 66
 Гарет Бэйл, 73  Марио Гётце, 72
 Асиер Илльярраменди, 82  Томас Мюллер, 74

Ескертулер:

  Иско, 57  

 

  Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров