Корольдік ұжым жартылай қорғаушы Франко Мастантуононы қатарына қосады.
Аргентиналық клубтың президенті “Реалмен” келіссөздер жүргізу үшін арнайы Испанияға келіпті. Мадридтік ұжым өз кезегінде 16 жастағы ойыншының ұсынысын қанағаттандырыпты. Егерде барлығы жақсы болса, Франко келесі жазға дейін “Реал” аяқдопшысы атанады.
Мастантуоно “Ривер” жүйесінде 2019 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Негізгі ұжымда ол осы жылда ғана шақырту алды. Оның Буэнос-Айрес клубындағы келісімшарты 2026 жылдың қыс айына дейін жарамды. Трансфермаркет 16 жастағы ойыншыны 10 млн еуроға бағалайды.
Аргентина біріншілігінде Франко 7 матч өткізіп, 1 голдың авторы атанды.
Біздің серіктес: FONBET