Жарнама
Жарнама

Мадридтік "Реалдың" 16 ойыншысы ұлттық құрамаға шақырту алды

05.03.2014, 02:47
Жарнама
Жарнама
Мадридтік "Реалдың" 16 ойыншысы ұлттық құрамаға шақырту алып отыр екен:  Испания - Италия Икер Касильяс, Хаби Алонсо, Серхио Рамос сынды ойыншылар "Висенте Кальдерон" стадионында Италияға қарсы жолдастық кездесуде Испания атынан шықпақ. Талас-тартысқа толы ойын болатыны күні бұрын айтылуда. Бұған бірден-бір себеп, 2012 жылы Еуропа Чемпионатының финалында Италияны осы испандықтар сүріндірген болатын. Португалия - Камерун Криштиану Роналду, Пепе, Фабиу Коэнтрау ұлттық құрамаға шақырту алды. Португалдықтар Әлем чемпионатының алдында соңғы дайындықтарын пысықтамақ. Франция - Нидерланды Карим Бензема мен Рафаэль Варан ұлттық құрамаға шақыртылды. "Стад де Франс" стадионында өтетін ойын қызыққа толы болмақ. Швейцария - Хорватия Лука Модрич  ұлттық құрамаға шақырту алды. Хорваттар Бразилиядағы Әлем Чемпионатына әзірліктерін байқап көрмек. Матч "АФГ Арена" стадионында өтпек. Оңтүстік Африка - Бразилия Мадридтік "Реалдың" қорғаушысы Марсело ұлттық құрамаға шақыртылды. Қаптал қорғаушысы Йоханнесбургке аттанбақ. Кездесу "Соккер Сити" стадионында, Испания құрамасы жеңіс тұғырына көтерілген жасыл алаңда өтпек. Румыния - Аргентина "Мадридтің" аргентиналық ойыншысы Анхель Ди Мария ұлттық құрамаға шақырту алды. Бухарестегі "Ұлттық стадионда" доп теппек. Уэльс - Исландия Мадридтік "Реалдан" Гарет Бэйл ұлттық құрамаға шақыртылды. "Кардифтің" алаңында уэльстік жігіттер аянып қалмақ емес. Испания (U21) - Германия (U21) Хесе Родригес, Дани Карвахаль, Альваро Мората, Иско Аларкон, Дерик пен Пачеко ("Кастилья") - Испанияның жастар құрамасы сапында сынға түседі. Дайындаған: Әкежан Дәкен http://massaget.kz
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров