Жарнама
Жарнама

Магомед Адиев: Бүгін қорғанысқа жатпаймыз

21.03.2024, 11:37

Қазақстан Ұлттық құрама командасының бас бапкері Магомед Адиев Грекиямен болатын матч алдында сұқбат берді. Бас бапкер бүгінгі ойын туралы пікірімен бөлісіп, команданың дайындығы жайлы баяндады. 

Жарнама
Жарнама

"Қорғанысты ғана ойлау бізге жат. Даниямен сыртта да, өз алаңымызда да шабуыл арқылы ойнаған едік. Бүгін де біздің футболшылар, қарсылас секілді өзінің бағын шабуылдан іздемек. Ораза ұстап жүрген футболшыларымыз бар. Жаттығуымызда осындай жағдайлар ескерілген. Аузы берік футболшылармен жұмыс істедік. Сондықтан, бұл тұрғыда тәжірибе жеткілікті. Стадион лық толы болғаны қос командаға да жақсы емес пе? Көрерменсіз ойнағаннан көрі осы дұрыс.  "Астанадада" жанкүйер толы стадионда ойнап жүрміз. Сондықтан, бүгінгі грекиялық жанкүйерлерден ешқандай қысым көріп тұрған жоқпын. Егер қорқатын болсаң, не үшін келдің?",- деген М. Адиев Қазақстанның аянып қалмайтынын айтты. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін 00:45 те Еуро-2024 жолдамасы жолындағы тоғыспалы ойында Грекия мен Қазақстан құрама командалары жолығады. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров