Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев Станислав Черчесовтың сыни пікіріне жауап қатты.
Айта кетейік, Ұлттар Лигасының алтыншы турындағы Норвегиямен болған сәтсіз матчтан кейін (5:0) С. Черчесов бар кінәні Адиев пен ҚФФ-ға артқан еді.
«Қазақстан Черчесов келгелі бірде-бір гол соға алмады. Бұл әрине, өкінішті жайт. Ол бапкер болып келгенде көп үміт күттірген, нәтижесі менікінен жақсы болады деп сенді. Алайда, жанкүйерлердің бұл үміті ақталған жоқ. Түсінемін, қарсыластары мықты болды. Бірақ, мықты қарсыласпен ойнайтын кезде жақсы ойын тәсілін ойлап табуың керек. Олай болған жоқ. Мен бас бапкер болған кезде де Қазақстан құрамасы Еуропаның мықты құрамалары ұтқан болатын.
Мен Станислав Саламұлын құрметтеймін. Бірақ, оның қараусыз қалған команда туралы айтқан сөзі менің көңіліме тиіп кетті. Оның пікірінше, менімен федерация мүлдем жұмыс істемегенбіз ғой?! Әрине, бұл оның жеке пікірі. Бірақ, біз Әділет Бәрменқұловпен бірге соңғы екі жылда айтарлықтай жақсы нәтиже көрсеттік. Қалай болғанда да Қазақстан құрамасына бұдан кейін де жанкүйер боламын. Черчесов сөзден іске көшіп, тезірек команданы жеңістерге жетелесе екен деп тілеймін. Егер оның жетістігі менікінен асып түссе мен тек қана қуанамын», - деді Адиев РИА Новостиге берген сұқбатында.
Станислав Черчесовке дейін ұлттық құраманы Магомед Адиев жаттықтырған. Адиев Ұлттар лигасында команданы B дивизионына дейін алып шықты. Сондай-ақ, Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін таласу мүмкіндігіне ие болып, тек Грекияға қарсы матчта есе жіберді. Айта кетейік, биыл B дивизионында өнер көрсеткен құрама топта соңғы орын алып, C дивизионына түсіп қалды. Ал Станислав Черчесов болса ҚФФ-мен түзген келісімшартына сәйкес, 2026 жылдың жазына дейін құраманы тізгіндемек. Егер, осы келісімшарт бұзылған жағдайда ҚФФ ресейлік маманға 1 млн еуро өтемақы төлеге міндеттеледі.
Біздің серіктес: FONBET