Қазақстан ұлттық құрамасының бұрыңғы бас бапкері Магомед Адиев Алматылық "Қайраттың" Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуына байланысты өз пікірін білдірді.
"Қайраттың" Чемпиондар лигасына шығуы? Бұған дейін құттықтауға мүмкіндік болмады, сондықтан дәл қазір бар ниетіммен құттықтағым келеді. Бұл "Қайрат" үшін де, бүкіл Қазақстан үшін де феноменалды нәтиже. Өте қуаныштымын және олардың осы қарқынын жалғастыруын тілеймін.” деді бапкер.
Турнирден не күтетінін де ашық айтты:
“Әдетте өзімнен және өз командамнан күтетінімді күтемін. Маған "Қайраттың" Чемпиондар лигасында не істей алатыны қызық. Бірақ жеке өзім үшін бұл аса маңызды емес. Ең бастысы олар көбірек ұпай жинап, жанкүйерлерге ұнайтын әдемі ойын көрсетсе деймін." – деді Адиев.
Осылайша, бұрынғы ұлттық құраманың тізгінін ұстаған бапкер "Қайраттың" жетістігін жоғары бағалап, енді Еуропаның ең ірі додасында да Қазақстандық клуб жанкүйерлердің сенімін ақтайды деп сенім білдірді.
Біздің серіктес: FONBET