Жарнама
Жарнама

Магомед Адиев: «Қиын ойын болады деп күткен едім»

15.08.2021, 16:27
«Кеншілер» мерзімінен бұрын Қазақстан Кубогінің ширек финалына шықты.
Жарнама
Жарнама

"Шахтердің" бас бапкері Магомед Адиев Қазақстан кубогінің топтық кезеңінің бесінші турында "Ордабасыға" қарсы өткен ойын (3:2) туралы пікір білдірді:

- Қалыпты ойын. Бірінші тайм жақсы өтті, біз үш гол соқтық. Ойынның екінші бөлігінде біз аздап қобалжыдық: қарсыластардың мүмкіндіктері болды, екі гол соқты. Бірақ біз матчты өз пайдамызға шештік. Мен бұл кездесуді "Колосқа" қарсы өткен ойынмен бірдей болды деп қарастырар едім, себебі өткен ойынға көптеген эмоциялар жұмсадық. Шынымды айтсам, мен одан да қиын ойын күткен едім. Иә, екінші тайм сәл нашар ойнадық, бұл тағы да соңғы өткен ойынға байланысты. Бізге эмоция жетіспеді. Бізді 17 және 19 тамызда қиын ойындар күтеді. Содан кейін 22 және 26 тамызда ширек финалдық матчтар болады. Матч бойы кедергісіз ойнау үшін команданы осындай жағдайда, осындай кестеде жаттықтыру өте қиын. Бұл қиын болады, бірақ біз дайындаламыз.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров