Қарағандылық «Шахтердың» бас бапкері Магомед Адиев «Қайсармен» өткен ойын (1:2) туралы пікір білдірді:
- Біздің тарапымыздан сапалы ойын болды деп есептеймін. Бірінші таймда қарсыластың шабуыл жасауына мүмкіндік бермедік. Тайм бойы қарсылас қақпасының маңында қауіпті сәттер жасадық, өкінішке орай, көптеген мүмкіндіктерді гооға айналдыра алмадық. Екінші таймда қарсыластың мүмкіндіктері болды, бірақ бәрібір, менің ойымша, аумақтық иелік біздің пайдамызда болып, позициялық шабуылдар жасадық. Қарсыластан допты тартып алғаннан кейін жақсы гол соқтық. Ауысып шыққан ойыншылар ойынға сәтті кіре білді, оларға жоғары баға беруге болады. Стандарттан қажет емес гол жіберіп алдық, ойыншылар Шацкийге кедергі келтірді, ол соққының қалай жасалғанын көрмей қалды. Біздің ойыншыны алаңнан қуғаннан кейін, төреші ойынның тізгінін қолынан шығарып алды деп ойлаймын. Маған жігіттердің есепті ұстауға тырыспай, қорғаныста жатып алмай, керісінше шабуылға көңіл шыққаны ұнады, сол үшін де олар екінші голмен марапатталды. Лайықты жеңіске жеттік деп ойлаймын
Біздің серіктес: FONBET