Жарнама
Жарнама

Магомед Адиев ЦСКА - «Урал» матчын стадионнан тамашалады

17.07.2022, 15:50
Ресейлік маман Зайнутдиновтің ойынын көру үшін барған екен.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Ресей Премьер-лигасының бірінші туры аясында өткен ЦСКА мен «Урал» арасындағы ойынды (2:0) стадионнан тамашалады.

Ресейлік маман «ВЭБ Аренаға» ЦСКА-ның негізгі құрамында орталық қорғаушы позициясында шыққан Бақтиер Зайнутдиновтың ойынын көру үшін барған екен.

«Біз әрі қарай да Зайнутдиновті орталық қорғаушы ретінде пайдалануды жоспарлап отырмыз, бізде бұл позицияда ойнайтын басқа ешкім жоқ. Бұл позицияға өте көп қимылдайтын ойыншы керек. Ал Бақтиерда барлық қажетті қасиеттер бар - техника, қозғалыс жағынан, әрі оң қапталдағы ойыншымен жақсы түсініседі», - деді ЦСКА-ның бас бапкері Владимир Федотов.

Еске салайық, Зайнутдинов маусым айындағы Қазақстан құрамасының УЕФА Ұлттар лигасындағы ойындарына жарақатына байланысты қатыса алмаған болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров