Жарнама
Жарнама

Магомед Адиев Ұлттық құрамадағы болашағы жайлы айтты

24.04.2024, 15:48

Грозныйдың «Ахматы» мен Қазақстан Ұлттық құрама командасының бас бапкері Магомед Адиев өзінің жоспарларымен бөлісті.

Магомед Адиев Ұлттық құрамадағы болашағы жайлы айтты
Жарнама
Жарнама

Ресейлік маман «Матч ТВ» арнасына берген сұхбатында сондай-ақ, Қазақстан құрамасымен арадағы келісімшартын ұзарту жөнінде де әңгіме болғанын жеткізген. 

«Әзірге менің келісімшарттарым туралы айту ерте. Маусым соңына дейін «Ахматтамын» және жыл соңына дейін Қазақстан федерациясымен келісімшартым бар. Басты мәселе - «Ахматты» премьер-лигада алып қалу болып отыр. Тек осыдан кейін қандай да бір шешім қабылдауға болады. Қазақстан құрамасымен келісімшартты ұзарту туралы сөз қозғалған. Алайда, қазір оны талқылау қиын», – деді Магомед Адиев. Естеріңізге сала кетейік, «Ахмат» қазір РПЛ-де 15-сатыға жайғасқан. Грозныйлық команда 24 кездесуде 23 ұпай жиған. Магомед Адиевтің клубы келесі матчын «Сочиге» қарсы өткізбек. Бұл бәсеке сәуірдің 25-де болады.           

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров