Магомед Адиев: Жақында өздеріңіз барлығын естисіздер

03.04.2024, 17:49

Магомед Адиев РПЛ клубына ауысуы жайлы қауесетке қатысты ойын айтты

Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев РПЛ-де өнер көрсететін "Ахмат" клубына ауысуы мүмкін деген әңгімеге қатысты былай деп жауап қатты: - Ахмат? Әзірше ештеңе айта алмаймын. Жақында өздеріңіз де барлығын естисіздер".
Айта кетейік, жуырда Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері өзінің мансабын "Ахмат" командасында жалғастыруы мүмкін деген әңгіме шыққан. Магомед Адиев 2022 жылдан бері Қазақстан Ұлттық құрамасын жаттықтырып келеді. Сондай-ақ, ол өзінің мансабында Қарағандының "Шахтерін", Чайка", "Ахмат", "Анжи", "Легион Динамо" сынды командалармен жұмыс істеген.